Балалар мерекесін түркістандықтар да тойлады. Қала прокуратурасы бүлдіршіндерге арнап «Шаттық шуағы» атты мерекелік кеш өттізді. Іс-шараға шаһардың бас прокуроры мен қала билігі арнайы келіп, жас өренге сыйлық үлестірді.


 Балаларды қорғау, жайлы орта қалыптастырып, сапалы тәлім беру – жарқын болашақтың іргетасы. Олай деген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы балаларды мерекемен құттықтады. Жасөспірімдерге ерекше көңіл блінетінін айтты.


 МЕКЕНХАН ҚОЗЫХАНҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

– «Оларға жайлы орта қалыптастырып, сапалы білім беру мақсатында қала прокуротурасы мен шаһар билігі тиісті жұмыстарды аттқарып келеді. Балаларды мерекмен құттықтаймын. Алдарыңызда күліп-ойнап, аман-сау жүрулеріне тілектеспін.»


 Прокурорлар 100-ден аса жас бүлдіршінге ойыншық сыйлықтар табысталды. Балалардың қуанышында шек жоқ.


КАУКЕН НӘРІКБАЕВ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫ

– «Сіздермен кездесіп мерекеге орай керемет іс-шара жасап отырмыз. Білесіздер, атқарушы, құқық қорғаушы органдар міндетті түрде балалардың құқықтарын қорғау мақсатында жұмыс істеп келе жатыр. Соның бірі бүгінгі кездесу» 


 Іс-шара барысында балалар сахнада өнер көрсетіп, ән шырқады. Би билеп, көрерменге көңіл-күй сыйлады. Викториналық ойындар ойнатылып, аниматорлар көңілді шоу-бағдарлама ұсынды.