Түркістан – бірліктің бастауышы. Дәл осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай фотобайқау өтті.
Оған Түркістан облысымен қатар Алматы қаласынан 20-ға жуық фотограф қатысып, өздерінің жұмысын ұсынған. Сайысқа түсірген суреттерін онлайн жолдағандар да болды. Татулықты ту еткен шығармашылық байқауында қатысушылар объектив арқылы достықты, көпэтносты Қазақстанның бейбіт өмірін, мәдениеттер үндестігін көрсетуге тырысқан. Фотобайқау қорытындысы бойынша 1 орынға Самат Мырзалиев лайық деп танылды. Ал 2 орынды Мақсат Шағырбай, 3 орынды Нуриддин Искаков иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ байқауға белсене атсалысқан қатысушылар дипломдармен және Алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Бірлікке үндеген іс-шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.