Қазақстан келесі жылы аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартемен кездесуінде айтты. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әңгімелесу барысында Жасыл климат қорымен ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды. Өз кезегінде Мафальда Дуарте климат проблемаларын шешуге бағытталған Қазақстанның күш-жігеріне қолдау білдіріп, Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуына жоғары баға берді.