Еске алу іс-шарасы осылайша бір минут үнсіздікпен басталды. Бұдан кейін қала әкімі мен зиялы қауым өкілдері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып марқұм болған майдангерлерге тағзым етті. Гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысқандардың арасында қадірлі қария арадгер Мұраталы Төлепбергенұлы да бар.
Мұнан кейін қонақтар майдангерлердің тасқа қашалып жазылған алаңға беттеді. Онда «Жұлдыз» және «Ұшақ» ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешкен аталар рухына құрмет көрсетті.
Екінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың ең ауыр кезеңдерінің бірі. Тарихи дерек 1 миллион 200 мың қазақстандықтың қан майданға аттанып, оның 600 мыңы сұрапыл соғыстан оралмағанын көрсетеді. Қаһарман халқымыздың жаһанға уын шашқан фашизмді талқандап, күллі адамзатты озбырлықтан аман сақтап қалған Ұлы Жеңісіне бүгін 80 жыл толып отыр. Еліміздің түпкір-түпкірінде осынау тарихи оқиға кеңінен аталып өтіп жатыр. Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты мерекелік іс-шара өтті.
НЮЛИФАР ИРСАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Суреттегі менің атам Ибрагим Исмайлұлы. 1924 жылы туылып, 1996 жылы дүниеден өтті. Жалпы атам соғыс жылдары туралы көп айтпайтын. Ол кездегі қасіретті еске алғысы келмесе керек. Білетінім ол Берлинге дейін соғысып барған. Дүниеден қайқанша елдің тыныштығы мен ұрпағының амандығын тілеп кетті. Қаізр біздер балаларымызға естіген білгенімізді айтып, 41-45 жылдары қасіреттің қандай болғанын еске салып отырамыз. Даңқ мемориалына жиналғандар өте көп екен. Барлығы да бабаларын еске алып келіп отыр. Олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.
Жеңістің 80 жылдығын тойлау қарсаңында үшінші мегаполистің барлық аудандарында соғыс және тыл еңбеккерлеріне айрықша ілтипат көрсетілді. Олардың құрметіне арналған көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков майдангерлерді үйіне барып құттықтауды жөн көрген. Жалпы Шымкент қаласында 2 соғыс ардагері бар. Оның бірі 101 жастағы Нина Мосунова болса, екіншісі 99 жастағы Мұратәлі Төлепбергенұлы.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай саябағында Жеңістің 80 жылдығына орай «Өткеннің үнсіз куәгерлері» атты фотокөрме өтеді. Бұл көрмеде ардагерлердің әр жылдардағы тұрмыс-тіршілігін, өмір сәттерін бейнелеген фотосуреттер ұсынылады. Әрбір суреттің артында бір тағдыр, бір тарих жатыр. Ардагерлердің жүзіндегі әрбір әжім соғыстың ізін бейнелейді және бұл бейнелер болашақ ұрпаққа өткеннің шежіресі ретінде қызмет етеді.
Фурхат атындағы № 37 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Әлия Қуанышқызы майдангерлердің өмірі мен тарихын зерттеп жүрген жас ғалым. Ол іс-шарада ардагерлердің ұрпағы мен еңбек ардагерлерімен тілдесіп, қорғап жатқан жұмысын шыңдап алды.
«Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шарада келушілерге майдан ботқасы ұсынылды. Себебі, қарақұмық ботқасы — қан майдандағы жүрекжалғар бірден-бір ас болған.
Қонақтар мемориалды кешен аумағында ұйымдастырылатын майдан даласындағы жауынгерлердің өмірінен сыр шертетін театрландырылған көріністі тамашалады.
Салтанатты шара барысында даңқты аталарымыздың II дүниежүзілік соғысындағы ерлігін паш еткен театрландырылған қойылым көрсетілді. Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының, сондай-ақ, қаладағы орыс, өзбек драма театрларының әртістері әзірлеген қойылымдарды тамашалаған көпшілік от пен оқтың арасындағы шайқасқа куә болды.
Көпшілік назарына Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт ұсынылды. Сұрапыл соғыс жылдарын еске салған, әрі патриоттық рухтағы әндер айтылды. Яғни, шымкенттік өнерпаздары «Катюша», «Кестелі орамал», «Три танкиста», «Жеңіс күні» сынды әндерді шырқады.
Сондай-ақ ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған гала концерт өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған іс-шарада жергілікті өнерпаздар ән шырқап қала тұрғындарына көңіл күй сыйлады. Шығармашылық ұжымдары шымкенттіктерді ұлы жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, өз өнерін ортаға салды.
Іс-шарада «Шымкент цирк оркестрі» және «Шымкент концерт» ұжымы жанды дауыста ән салып, түрлі аспаптарда ойнады. Бұл шығармашылық ұжымның Жеңіс күніне орай ұйымдастырған алғашқы концерттік бағдарламасы емес. Олар қаланың ашық аспанында 3 күн бойы өнер көрсетіп келеді. Мұндағы мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
ЕЛУБАЙ ЕСЕНБАЙ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Ұлы женістін 80 жылдығы құтты болсын дим осы көрермендердің бәріне зор денсаулық отбасыларына бақбереке тілеймін .
РАЙХАН СЕЙІЛБЕКОВА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ӘНШІСІ
Ұлы жеңістің 80 жылдығна мәдениет қызыметкерлеіде өз улесін қосуда бірнеше куннең бері мерекелік іс шаралар ұйымдастырылып осы Астана аланыңда гала концерттер өтуде.
Мерекелік концертке жүздеген көрермен қатысты. Олар үшін атаулы датаның тарихы маңызды. Ұйымдастырушылар жастардың бойына патриоттық сезім сіңіру үшін жаңа форматта түрлі жиындар өткізедітндерін айтты.
ЖӘУДІР НАРТАЙҚЫЗЫ, МӘДИНЕТ ТІЛДЕР ДАМЫТУ ЖӘНЕДЕ АРХИПТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент қаласында мәдени көпшілік іс шаралар өз жалғасын табуда ертен данхмариялында гул қойу рәсімі және ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған патпиотық іс шара өтеді.
Еске сала кетейік бүгін Астана алаңында жеңіс күніне арналған гала-концерт өтеді. Соғыс және тыл ардагерлеріне арналған мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары тегін қатыса алады. Мұнда отандық композиторлардың әндері мен эстрада әншілерінің жаңа хит топтамалары орындалатын болдаы.