Самбодан Әлем кубогінің жеңімпазы Маржан Бизақ елге оралды. 59 келідегі спортшы жауынгерлік самбодан қарсыластарының жауырынын жерден көтермей, алтын медальді жеңіп алды.
Арменияның астанасы Ереван қаласында өткен Әлем кубогына 5 құрлықтың мықты деген 500-ге тарта спортшысы қатысқан болатын. Маржанмен қатар 80 келі салмақта Азман Амаева қола медаль иегері атанды. Бұл жерлесіміздің әлемді бағындырған екінші жарысы екен. Өткен сайыста екінші орын алған ол осы жолы бар күш жігерін ортаға салғанын айтады