Шымкент қаласында бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған қалалық ата-аналар жиналысы өтті. Оған білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитеті мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар және білім саласының мамандары қатысты. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек төрағалық етті.


АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Басқосуда Білім саласының мамандары бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту және мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттілігін атап өтті. Жасөспірімдердің білім алуына жағдай жасаумен қатар, олардың эмоционалдық дамуына қолдау көрсету маңызды. Бұл ретте ата-аналардың тәрбие жұмысына белсене қатысуы басты назарда болуы тиіс деген пікір айтылды.


ГҮЛНАЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Отбасының тәрбие институы екеніндегі маңыздылығы бала өмірінің көп бөлігін отбасында өткізетіндігімен түсіндіріледі. Осы бағытта мен ұстаз ретінде бірнеше әдеби кітаптарды сіздерге ұсынғым келіп отыр. Мағжан Жұмабаевтың Педагогикасы, Б. Момышұлының Ұшқан ұясы, Мәлік Ғабдуллиннің Ата аналарға тәрбие туралы кеңесін ұсынар едім.


 АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Құқық қорғау саласының өкілдері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен оның алдын алу шараларына тоқталды. Олар құқықбұзушылықтың негізгі себептерін талдап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударудың қажеттілігі сөз болды.


БАҚЫТЖАН БАЙҒОЗИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Биылғы жылы бізде 70 мобильді топ құрылды. 190 нан астам рейдітік іс шаралар жүргізді. Нәтижесінде 2900 дей ата ана әкімшілік жауакершілікке тартылды. Соның 90 пайызы түнгі уақытта ата-анасыз жүру фактісі.


 АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Құқық қорғау органдарының өкілдері соңғы қоңырау шарасы кезінде күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтіндерін мәлімдеді. Жиында түлектерге қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ескертіліп, ата-аналар мен мұғалімдерге балаларды бақылауда ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді. Мамандар мерекелік күн тәртібін қадағалап, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізілетінін атап өтті.


ҰЛЫҚБЕК МЫЛТЫҚБЕКОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жүргізілген іс шаралардың нәтижесінде республика аумағында жыл сайын түлектер мінген көліктер жөл көлік оқиғаларына ұшырап, Ішімдік ішіп түрлі құқықбұзушылықтарға барады. Сонымен қатар таудан құлау, суға бату сияқты басқа да келеңсіз жағдайлармен аяқталғаны белгілі. Осыған орай соңғы қоңырау іс шарасын тиісті деңгейде өткізу мақсатында біздің тарапымыздан бірқатар іс-шаралар қабылдануда.


 АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Айта кетейік, соңғы төрт айда кәмелетке толмағандар арасында 15 өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді, оның үшеуі қайғылы аяқталған. Мамандар мұның негізгі себебі отбасындағы қақтығыстар екенін айтады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Мектепке қойылатын талаптар бұрынғыға қарағанда әолдеқайда күшейтілді. Қатаңдатылды. Тіпті директор болып жұмыс істегісі келмейтін адамдар бар. Бұл біздің тараптан емес, біз заңның аясында ғана жұмыс істеп жатырмыз. Заңның аясында ғана талап қойп жатырмыз. Артық ешкімге тиісіп жатқанымыз жоқ. Жоғарыда айтылғандай жағдайлар болған кезде біз тәртіптік шара қолдануға мәжбүрміз.


 АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Жиналыс барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер балалардың құқықтарын қорғау және тәрбиелік мәдениетті нығайту бағытында нақты шешімдер қабылдауға негіз болды. Бұл іс-шара ата-аналар мен қоғамның өзара ынтымақтастығын арттыруға серпін берді.